Америка тұрғыны 40 жыл бойы қоқыстан үй салып шыққан

Америкалық суретші Ричард Делбридж үй салуға 40 жыл уақытын жұмсаған, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Үйдің 75% қоқыстан тұрады. Ерекше ғимарат Оклахома штатында орналасқан. Ол қоқыс қалдықтарымен безендірілген.

Үй иесіне қоқыстардан үй салу идеясы 1970 жылдары келген. Ричард Нью-Мексикодағы американдықтардың үйлерінен шабыт алғанын айтады. Ондаған жылдар бойы Делбридж туристер қалдырған қоқысты жинап, жол жиегінен әр түрлі ұсақ заттарды жинап келген. 

«Қоқысқа тасталған ойыншықтар өте аянышты болып көрінді, сондықтан оларды да үйімді безендіруге пайдаландым», - дейді суретші.

Құрылыс кезінде ол алюминий бөтелкелер мен ескі кірпіштерді де қолданған.