Испанияда 10 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Испанияның шығысында жаңбыр селдетіп, елді мекендерде су тасқыны жүрді. Әсіресе Таррагона мен Кастельон провинцияларда жағдай қиын.

Толассыз жауған жаңбырдан үйлерді су шайып, көліктерді ағызып әкетті. Кей аудандарда темір жолдар бүлініп, поездардың қатынауы тоқтатылған. Табиғат апатынан қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Бірақ 10 мыңнан аса адам электр қуатынсыз қалған. Ел астанасы Мадридте де жауын құйып, метро мен қала шетіне қатынайтын поезд жүрісі бұзылған. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр. Жауын-шашыннан елдің көп аумағында қауіптің жоғары деңгейі жарияланған.