Италияда Венеция кинофестивалі басталды

Италияның Лидо аралында Венеция кинофестивалі ашылды. Шара осымен 78-рет ұйымдастырылып отыр.

Жалпы байқауда «Алтын арыстан» мүсініне 21 фильм таласады. Басты үміткерлер қатарында Джейн Кэмпионның, Гастон Дюпрдің және Пабло Ларраинның туындылары. Бұдан бөлек көрермендер 100-ден астам картинаны тамашалай алады. Ауқымды шарада санитарлық талаптар сақталады. 11 күндік фестиваль кезінде індет өршімес үшін кинозалдардағы көрермендердің көп болмауы қарастырылған.

Шара шеңберіндегі кездесулерге қатысу үшін меймандарда екпе салдырғаны туралы анықтама немесе теріс нәтижелі ПТР-тест болуы шарт.