425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстанда 4 күнде 350 тәліптің көзі жойылды

  • 184
  • UPD: 22:00, 02.09.2021

Ауғанстандағы Панджшер провинциясы үшін шайқасып жатқан ұлттық қарсылық күштері 4 күннің ішінде «Талибан» қозғалысының 350 өкілін жойғанын хабарлады.

Тәліптердің 300-ге жуығы жараланып, тағы 35-і қамауға алынған.

Айта кетейік, Панджшер Ауғанстандағы  тәліптердің бақылауына өтпеген жалғыз провинция. Сондықтан «Талибан» қозғалысының өкілдері өңірді қоршауға алған.

Бұған дейін олар аймақ жетекішлерімен өз еркімен берілу туралы келіссөздер жүргізіпті. Алайда ол еш нәтиже бермеген.  

 

Хабар 24 телеарнасы