Колумбияда 1,8 тонна кокаин тәркіленді

Колумбияның әскери-теңіз күштері Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде 1 тонна 800 келі кокаин тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткі 90 қапқа салынған. Ішінде 44 миллионнан ас доза болған. Мамандар оның жалпы құнын 60 миллион доллар деп бағалады. Бұған дейін Колумбия әскерилері құны 200 милллион доллардан асатын 6 тоннаға жуық есірткі тәркілеп, кокаин өндіретін орындарды жойған еді.

Орландо Кубильос, Чакон заңсыз есірткі тасымалымен күрес тобының басшысы:

– Қылмыскерлер кемені Нариньо департаментінің аумағынан шығарып, басқа жаққа әкетпек болғанда қолға түсті. Бірақ біз оларды байқап қойдық. Қылмыскерлер суға сүңгіп, қашып құтылды.