Коронавирустың «Мю» атты жаңа түрі пайда болды

Бұл мутацияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бақылауда ұстап, зерттеу жасайтын індеттер тізіміне қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ мамандар «Мю» вакциналау және ескі ауру арқылы адамның бойында түзілген иммунитетті бұзып өтуі мүмкін деп қауіптенеді. Қазір «Мю» штамы әлемнің 39 елінен анықталған. Олардың қатарында Оңтүстік Америка мемлекеттері, Еуроодақ, АҚШ, Гонконг және Ұлыбритания бар.