Түркия карантинді қатаңдатады

Түркия билігі карантинді күшейткелі жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жаңа шектеулердің туристерге қатысы болмайды. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Қатаң шаралар тұрақты тұратын жері бар шетелдіктерге ғана қатысты болмақ. 6 қыркүйектен бастап Түркияда оқу орындарына, кинозалдарға, театрлар мен концерттерге кіру үшін ПТР нәтижесі немесе вакциналау паспорты міндетті түрде талап етіледі. Мұндай шарт басқа елдерге сапар шегетін жолаушыларға да қойылады.

Айта кетейік, Түркия елінде соңғы бір күнде ковидтен 290 адам көз жұмған, 23 мыңы ауру жұқтырған. Бұл мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ...