Мексикада автобус пен жүк көлігі соқтығысты: 16 адам көз жұмған

Автобус жолда тұрған жүк көлігін соққан, артынша осы екі көлікке тағы бір жүк көлігі келіп соқтығысқан.  

Мексиканың солтүстігінде орналасқан Сонора штатында автобус жүк көлігін соғып, салдарынан 16 адам қайтыс болды, тағы 22 адам жарақат алды. Бұл туралы штат прокуратурасы Twitter-де хабарлады.

Апат Сонома-Сан-Луис-Рио-Колорадо тас жолында болған.

«Қазіргі уақытта 22 зардап шеккен адам белгілі, олардың алтауы ауыр халде және 16 адам қайтыс болды. Құтқару операциясы жалғасуда», – делінген хабарламада.

Апат себептері әлі аталған жоқ.