425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кабул әуежайы қайта жұмыс істей бастады

  • 73
  • UPD: 12:00, 03.09.2021
Кабул әуежайы қайта жұмыс істей бастады

Кабулдағы халықаралық әуежай қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге әуе рейстері ел ішінде ғана қатынайды. Бұл туралы «Талибан» қозғалысының өкілдеріне сілтеме жасаған «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Тәліптердің өтініші бойынша Ауғанстанға Катардан техника саласының мамандары арнайы шақырылған. Бұған дейін Катар үкіметі Түркия билігімен бірігіп, Кабул әуежайын қайта ашу ісіне көмек беру үшін 30 миллион доллар бөлген еді. Сондай-ақ Нидерландтың Сыртқы істер министрлігі де 1 миллион еуро көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеген болатын.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы