Израильде премьер-министр әр тұрғынды телефон арқылы вакцинаға шақырды

Израиль вакцинаны жасы 12-ден асқан балаларға салдырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда бір ғана шарт бар – екінші компонентті алғаннан кейін арада кемінде жарты жыл өтуі тиіс. Елдегі вакциналау науқаны қарқынды. Қазіргі есеп бойынша күніне ондаған мың адам екпе салдырады.

Израильдің әр тұрғынына премьер-министр телефон арқылы жеке дауыс жазбасын жіберіп, «келіп, вакцина салдырыңыздар» деп шақыруда. Нәтижесі жаман емес. Коронавирустың ауыр түріне шалдыққандар саны азайған. Сондай-ақ екпе алатын баланың жасын 6-дан, яғни бірінші сыныптан бастау туралы ұсыныс қызу талқыланып жатыр.

Нафтали Беннет, Израиль премьер-министрі:

– Бізге кейбіреулер вакциналау жеткіліксіз, локдаун жариялау керек деген. Бірақ карантиннен бас тарттық. Оқу жылын да бастап кеттік.

Десе де, 1 қыркүйектен бері мектепке жарты миллион оқушы келмеген, оларды ковидтен қорыққан ата-аналар жібермей қалған. Билік барлық ата-анаға балаларын тексеру үшін тест таратып берді.

Ури Перельман, мектеп директоры:

– Оқу жылы басталғанға дейін мектебіміздегі барлық бала антиген тестісін тапсырды. Бізге соның нәтижесін әкеліп тапсыруы керек еді. Дегенмен бұл міндетті талап емес, ата-аналарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Көбі қолдап жатыр.

Израильде қыркүйекте мерекелік демалыс күндері көбірек. Осы уақытта билік үшінші дозаны көп адамға салуды жоспарлап отыр.

Ернат Мелсұлы, Сергей Ауслендер

Сондай-ақ...