Жаңа Зеландия полициясы адамдарға пышақпен шабуылдаған лаңкесті атып өлтірді

Радикалдың қолынан жарақат алғандардың біреуі ауыр, екеуі қиын жағдайда жатыр,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Шабуыл осы елдің ең ірі қаласы – Оклендтегі супермаркетте болған. Шұғыл баспасөз мәслихатын өткізген премьер-министр қаскүнемнің 10 жылдан бері Жаңа Зеланияда тұратын Шри-Ланка азаматы екендігін, күдікті адам ретінде 5 жыл бойы полицияның бақылауында болғанын және «ДАИШ» экстремистік ұйымына жақтасқанын жеткізді. Лаңкестік шабуыл 60 секундқа созылған, тәртіп сақшылары дер кезінде әрекет етіп, оның көзін жойып үлгерген.