Ауғанстанда бурка саудасы 30% өсті

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, әйел адамның бүкіл денесін жауып, көз тұсында сығалап көруге болатын тесіктері бар киімді сататын саудагерлер бұған дән риза, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ «Талибанды» жақтайтын жергілікті тұрғындар елде ұрлық тыйылып, толық қауіпсіздік орнағанын айтуда. Нәзік жандар бұған дейін хиджаб немесе басына орамал тартып қана жүргенін, енді тәліптер тұмшалап жүруді талап еткенін алға тартады.

Исматулла Азизи, бурка онлайн-дүкенінің иесі:

– «Талибан» билікті қолына алған күннің ертесіне біз дүкендерімізге бурканы көптеп әкеле бастадық. Бір күннің ішінде осындай 60 киім бірден сатылып кетті. Бұл буркалар өзіміздің Ауғанстанда жасалады. Негізі тәліптер міндетті түрде жабынып жүріңдер деп айтпады, әйелдердің өздері қорқып, жаппай тұмшалана бастады.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.