Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

Жапонияда премьер-министр Ёсихидэ Суга қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бұған үкіметтің коронавируспен күресінің сынға ұшырауы себеп. Салдарынан премьер-министрдің рейтингі 30 процентке төмендеген. Үкімет басшысы беделінің түсуінің бір себебі оның ел ішінде сапарларды шектейтін «гоу ту» /Go to/ бағдарламасын тоқтатпауы. Өйткені бұл бизнестің дамуына тұсау болған. Бұдан бөлек Суганың Олимпиада ойындарын өткізуді қолдауы да халықтың көңілінен шықпаған.

Тұрғындар «бұл қолдау елде індеттің өршуіне әкелді» деген пікірде. Енді саясаткер жалпыпартиялық жиналыста өзінің мұрагері белгілі болғанша қызметін атқара береді. Үкімет қазан айында жалпыұлттық сайлау өткізуді де қарастырып жатыр.