Ауғанстандағы үкіметті басқаратын адам белгілі болды

Ауғанстандағы билікті басып алған тәліптердің үкіметін осы қозғалыстың саяси қанатының лидері молда Абдул Гани Барадар басқаруы мүмкін.

Бұл туралы REUTERS агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, «Талибан» жуық арада үкіметтің толық құрамын жариялауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат құралдары тәліптердің үкіметін «Талибан» қозғалысының діни көсемі молда Хибатулла Ахунзада басқарады деп хабарлаған болатын. Ал Панджшер аймағында ұлттық қарсылық майдан күштерінің тәліптермен қақтығыс жалғасуда. «Талибан» аймақтағы бірнеше мекенді басып бірқатар тексеру бекетін бақылауға алғанын айтады. Бірақ бұл ақпаратты ұлттық майдан өкілдері растаған жоқ.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.