Үй жануарларын ұрлауды қылмыстық іске жатқызу ұсынылды

Ұлыбритания билігі үй жануарын ұрлағандарды қылмыстық іске жатқызуды ұсынды.

Себебі коронавирусқа байланысты ит-мысыққа сұраныс артқан. Сол себепті ұрлық та көбейіп тұр. Тіпті иттің кей тұқымдарына сұраныс 90 процентке өскен. Ал біріккен корольдікте қазір үй жануарын ұрлау оның иелерінің мүлкін жоғалтып алу ретінде қарастырылады. Елдің Ішкі істер министрінің айтуынша егер бұл бастама жүзеге асса, полицияның бұл қылмысты тоқтатуына көп мүмкіндік жасайды.