425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бейжіңде ШЫҰ елдеріне арналған фестиваль өтті

  • 102
  • UPD: 09:15, 04.09.2021
Бейжіңде ШЫҰ елдеріне арналған фестиваль өтті

Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті алдында осы құрылымға мүше елдер халықтарының мәдени ерекшеліктеріне арналған фестиваль өтті.

Онда ұйымға мүше елдердің халықтары өздерінің ұлттық өнері мен салт-дәстүрін көрсетті. Мақсат – мемлекеттер арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты паш ету. Фестиваль биыл ұйымға төрағалық етіп жатқан Тәжікстанның Мәдениет жылы бастамасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Жоба аясында 20 іс-шара ұйымдастыру қарастырылған. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті осы айда Душанбеде өтеді.

Муратбек Азымбакиев, ШЫҰ бас хатшысының орынбасары:

– Фестиваль Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы барлық елдер үшін мәдени-танымдық алаң ретінде қарастырылған. Осымен қатар шараға Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы мен Араб мемлекеттері лигасына мүше елдер де шақырылды. Бұл біздің ұйымның халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. 

Хабар 24 телеарнасы