Киевте Ukrainian Fashion Week апталығы өтуде

Киевте Ukrainian Fashion Week апталығы өтіп жатыр.

Сән аптасы ел астанасында бесінші қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетерлігі биыл Fashion Week өзінің креативті қойылымдарымен ерекшеленді. Мұнда көптеген украиналық дизайнерлер қоқыстан жасалған киім үлгілерімен таңдай қақтырды. Сондай-ақ осы жолы украиналық сән апталығында әдеттегі модель ғана емес, әртүрлі жастың өкілдері подиумға шықты. Олар киім үлгілерін көрсетіп қана қоймай, сахналық қойылым көрсетті. Сахнаға жетпіске жақындаған қарттар да модель ретінде шықты. Сондай-ақ күшік көтеріп, ит жетектеген модельдер де бар. Тіпті жүкті әйел де сахнаға шығып, жұрттың көзайымына айналды.