425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақ-қырғыз достығы аллеясы ашылды

  • 406
  • UPD: 12:13, 04.09.2021
Қазақ-қырғыз достығы аллеясы ашылды

Бішкекте қазақ пен қырғыздың достық аллеясы пайда болды.

Аллеяға «Келісім» деген атау берілген. Мұнда екі елдің достық қарым-қатынасының белгісі ретінде Тянь-Шань шыршасының 40 көшеті егілді. Бұл ағаш 300 жылға дейін өмір сүреді. Аллея тақауда ғана Қырғызстанның 30 жылдығына орай ашылған «Ынтымақ» саябағында орналасқан. Қазір халықтың көңіл сергітер сүйікті орнына айналып үлгерген.

Талант Мамытов, Қырғызстан Парламентінің спикері:

– Біздің елдеріміз биыл Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатыр. Сондықтан достық аллеясының дәл осы кезде ашып жатқанында да өзіндік бір мән бар. Біздің халықтарымыз рухы мен мәдениеті жағынан ұқсас. Құндылықтарымыз да ортақ. Сондықан бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Жаңа саябақта әндеріміз шырқалып, мерекелік күндерді сол жерде атап өтсек, тамаша болар еді.

Хабар 24 телеарнасы