Жаңа Зеландия: супермаркеттерде пышақ сату тоқтатылды

Дүкенде енді пышақ сатуға болмайды. Жаңа Зеландия осындай тәртіп орнатты, деп хабарлайды Хабар 24.

Кәсіпкерлер енді адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін заттарды сатудан мүлдем бас тартпақ. Кеше бұл елде болған жағдайдан соң билік осындай әрекетке көшкен.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия Премьер-Министрі:

– Кешегі шабуылдан бас-аяғы 7 адам зардап шекті. Оның бесеуі қазір ауруханада жатыр. Үшеуі ауыр халде. Қалғандарының өміріне ешқандай қауіп жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жаңа Зеландияның Окленд қаласындағы супермаркеттердің бірінде террорлық шабуыл болды. Қолына пышақ ұстаған қаскөй дүкенге кіріп, бірнеше адамды жаралады. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер оның көзін жойған. Қылмыскер Шри-Ланка азаматы болып шықты. Ол Жаңа Зеландияға 10 жыл бұрын қоныс аударған екен.