Ұлыбританияда антиваксерлер шеруі тәртіпсіздікпен аяқталды

Лондонның қақ ортасында шеруге шыққан антиваксерлер тәртіпке бағынбай соңы бүлікке ұласты. 4 полицей жарақат алған.

Жағдайдың ушыққаны сонша, екпеге қарсы жұрт жергілікті дәрі-дәрмек агенттігінің кеңсесін басып алмақ болған. Алайда тәртіп сақшылары тосқауыл қойып, ғимаратқа жібермеген.

Айта кетейік, Ұлыбританияда коронавирус жұқтыру көрсеткіші әлі де жоғары. Өткен тәулікте ел бойынша 42 мыңнан астам адам қауіпті дертке шалдыққан.

Сондай-ақ...