425,79 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Конгода өзенге төгілген улы қалдықтан 12 адам қайтыс болды

  • 89
  • UPD: 20:42, 04.09.2021
Конгода өзенге төгілген улы қалдықтан 12 адам қайтыс болды

Анголадағы алмас кен орнында апат болып, улы қалдықтар өзенге төгілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан көршілес Конгодағы тұрғындар зардап шегіп жатыр. Өзеннің бойында тұратын 12 адам қайтыс болды. Тағы 4 мыңдай тұрғынның денсаулығына зақым келген. Апаттан тек адамдар ғана емес, жануарлар да уланып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, өзендегі сусиыр мен балықтар қырылған. Осыған байланысты Конго билігі Анголадан өтемақы талап етпек. Алайда апаттан келген шығынның нақты көлемі әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы