Бразилияда су қоймалары тартылып жатыр

Жергілікті метеорологтардың айтуынша, биыл елде жауын-шашын аз болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ аптап ыстық та жағдайды күрделендіріп отырған көрінеді. Мәселен, Фурнаш су қоймасының деңгейі былтырдан бері 15 метрге төмендеп кеткен. Салдарынан балық шаруашылықтары шығынға ұшырап жатыр. Судың азаюы елдегі электр қуатын өндіру мен туризм саласына кері әсер етті.

Айта кетейік, Бразилия тұщы су қоры бойынша әлемде бірінші орында тұрғанымен, 1991 жылдан бері бұл қор 15 процентке кеміген.