Иесімен дуэтте ән айтатын тотықұс желі жұлдызына айналды (видео)

Әлеуметтік желілерде гитарада ойнайтын ер адаммен ән айтқан тотықұстың видеосы тарап кетті.

Видеодағы музыканттың аты – Фрэнк Магило, ал тотықұс — Тито. Фрэнк өткен жылдан бастап «Тито және адам» атты YouTube арнасын ашып, онда танымал әндерге осындай каверлар жүктейді.

Тотықұстың таланты карантин кезінде ашылған. Үйде отырған Фрэнк Титоның қасында гитара ойнап отырады, осы сәтте құс кенеттен қосыла бастайды.

Тито әндердің сөзін білмегенмен, гитара дауысын естігеннен-ақ ырғаққа түсіп, адам дауысын салады.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru

Сондай-ақ...