Ауғанстан халқы экономиканың тұрақты болуын қалайды

Ауған халқы билікке келген тәліптердің  тұрақтылық пен экономикаға көңіл бөлгенін қалайды. Себебі жаңа үкімет жасақталмай шаруа да оңалмайтын түрі бар.

Жергілікті кәсіпкерлер алдағы күніміз не болады деп алаңдайды. Олардың айтуынша, билік «Талибанға» көшкелі халықтың, тауар сатып алу белсенділігі тым төмендеп кеткен. Бірақ сауда тоқтап қалған жоқ, сонда да жүріп тұр. Кәсіпкерлер осыған да риза.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.