425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та вакцина салғызбағандар арасында науқастар көбейді

  • 91
  • UPD: 11:33, 05.09.2021
АҚШ-та вакцина салғызбағандар арасында науқастар көбейді

Америкада коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп, ауруханалар науқастарды қабылдап үлгірмей жатыр. Жансақтау бөліміне түскендердің дені вакцина алмағандар.

Дәрігерлердің айтуынша, бұрын науқастардың көбі созылмалы ауруы бар қарт кісілер болатын. Бірақ қазір дертке шалдыққандардың орташа жасы біршама төмендепті.

Айта кетейік, АҚШ-та соңғы жеті күнде әр тәулік сайын шамамен 150 мың адам ковид жұқтырған.

Кимберли Мэтесон, медбике:

- Әлі күнге дейін коронавирусқа сенбейтін азаматтардың бары қынжылтады. Оларды осында әкеліп, жағдайдың қандай екенін көрсетсе ғой. Себебі дер кезінде вакцина салдырмай, кейін ауруханаға түсіп, өз бетінше тыныс ала алмай қалған азамат қаншама!

Хабар 24 телеарнасы