Тәліптер шеруге шыққан әйелдерді таратып жіберді

Кабулда ондаған әйел тәуекел етіп, шеруге шыққан.

Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер, әйелдерге жұмыс істеу құқығын беру мен оларды жаңа үкімет құрамына қосуды талап етті. Бірақ көп ұзамай оларды тәртіп сақшылары күштеп тарқатты.

Айта кетейік, тәліптер билікке келгелі ауған әйелдері осымен үшінші рет наразылық акциясына шығып отыр.