Шетелдіктер Өзбекстанға келсе көші-қон қызметіне тіркелмей қалағанынша жүріп тұра алатын. Енді бұған тыйым салынды.
Өйткені пандемия осыған мәжбүрледі дейді мамандар. Бұдан былай саяхат мерзімі аяқталған адамдар қыркүйектің 10-ына дейін шекарадан өтуі керек. Немесе тіркеу уақытын ұзартуы тиіс. Өйтпеген жағдайда заңды бұзған азаматқа 150 мың мен 400 мың теңге аралығында айыппұл салынады. Ал одан кейінгі 1 жыл көлемінде көші-қон заңнамасын бұзатын болса, 3 жылға дейін Өзбекстан аумағынан депортацияланады.
