Румынияда жолақы орнына жаттығу жасауды сұрайтын автобус қатынап жүр

Жолаушы 20 рет отырып тұрып, жаттығу жасаса автобуста тегін жүреді. 

Румынияның Клуж-Напока қаласында қоғамдық көлік қолданушыларын салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратын осындай жоба бар.

Дәлірек айтқанда, жолаушы 2 минут ішінде 20 рет отырып тұруы керек. Азаматтар қулыққа бармас үшін жоба авторлары автобус ішіне арнайы бейнекамералар орнатқан. Ақылды камера жаттығудың жасалғанын бақылап тұрады.

Айта кетейік, Клуж-Напокада осы жоба арқылы 55 мың жолаушы діттеген жеріне тегін жеткен.