Пәкістанда жарылыстан 3 адам мерт болды  

Пәкістанның Белуджистан провинциясында жарылыс болды.

Салдарынан 3 адамның өмірі қиылды, тағы 20 тұрғын жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл мінген террорист, тәртіп сақшылары отырған бақылау-өткізу бекетін қасақана бұзып өткен. Артынша көлікке тиелген бомба да жарылды. Қазір зардап шеккен азаматтарға Кветта қаласындағы ауруханада көмек көрсетіліп жатыр. Оқыс оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ...