Спортшы акуланың құрбаны болды

Австралияда 20 жастағы сёрфер акуланың құрбаны болды.

Қайғылы оқиға Сиднейден 500 шақырым жерде тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, жақын маңда жүрген азаматтар жас жігітке барынша көмектеспек болған. Бірақ спортшының өмірін арашалап қалу мүмкін болмады, ол алған жарақатынан көз жұмды. Австралия полициясы осы оқиғаға байланысты аймақтағы жағажайлардың бәрін жауып тастады.

Айта кетейік, ел шығысында жыл басынан осымен 16-шы рет жыртқыш балықтар адамға шабуыл жасап отыр.