Қытай АҚШ қор биржасына қысым көрсете бастады

Қытай АҚШ биржаларында саудаланатын акцияларға қатысты қатаң шаралар қабылдауға көшті.

Отандық «Диди», «Алибаба» және «Тенсент» инвестициялық компаниялары қатаң бақылауға алынды. Сарапшылар осының кесірінен АҚШ-тың қор нарығы 2 триллион доллар жоғалтуы мүмкін деп болжайды. Қытай басшысы Си Цзиньпин шағын және орта компаниялар  үшін Бейжіңде жаңа қор биржасын құратынын жария етті. АҚШ-тың Өкілдер палатасы 22 қыркүйекке шұғыл жиналыс белгіледі. Онда Қытай билігінің аталған шешімінен америкалық инвесторларға қандай қауіп-қатер төнетіні талқыланады.

Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы:

– Біз Бейжің қор биржасын құру арқылы шағын және орта бизнесті инновация жағынан дамытуды жалғастырамыз. «Бір белбеу, бір жол» бағдарламасына қатысы елдердегі қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, қолдау көрсетуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз.