Гаитиде гуманитарлық дағдарыс күшейіп барады

Гаитиде гуманитарлық дағдарыс күшейіп барады.

20 күндей бұрын болған зілзаладан зардап шеккендер бүгінде шатырларда тұрып жатыр. Мемлекетке жеткізілген азық-түлік те таусылуға жақын. Тығырыққа тірелген тұрғындар күнкөрістің түрлі амалдарын қарастырып әлек. Кейбірі тас жолдан өткен көлік жүргізушілерінен көмек сұраса, басқалары отбасын асырау үшін қолындағы барын саудалауда. Негізі зардап шеккендердің көбі мал бағып, әртүрлі дақылдар егіп, бұрыннан өз бетінше күнелтіп жүрген еңбек адамдары. Айта кетейік, осы айда болған жер сілкінісінен 2200-ден астам тұрғын көз жұмды.