425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстандық Германияда екі адамды пышақтап кетті

  • 322
  • UPD: 21:58, 05.09.2021
Ауғанстандық Германияда екі адамды пышақтап кетті

Берлинде 29 жастағы ер азамат көшеде жүрген екі адамды пышақтады.

Зардап шеккендердің екеуі де – қарт кісі. Полицияның дерегі бойынша, қылмыскер әуелі саябақта жүрген әйел кісіге шабуыл жасаған. Кейін көмекке келген 66 жастағы қарияны жарақаттапты. Қазір екеуі де ауруханада. Ал қасқөй қамауда.

Анықталғандай, ол осыдан 5 жыл Ауғанстаннан көшіп келіпті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыскердің психикасында ауытқу болуы мүмкін. Сонымен қатар ол экстремистік көзқарас негізінде шабуыл жасады деген де болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы