425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тәліптер студент қыздарды университетте паранжа киюге міндеттеді

  • 95
  • UPD: 09:14, 06.09.2021
Тәліптер студент қыздарды университетте паранжа киюге міндеттеді

Сондай-ақ бойжеткендер оқу орнында етек-жеңі ұзын көйлекпен жүруге тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан соң қыздарға әйелдер немесе егде ер адамдар ғана сабақ бере алады. Бұл туралы «Талибан» үкіметінің Білім басқармасы бекіткен ресми құжатқа сілтеме жасаған The Straits Times басылымы хабарлады. Бұған дейін тәліптер хиджаб киген қыз-келіншектер еш кедергісіз білім алып, жұмыс істей алады, АҚШ елдің мәдениетін өзгерту ісіне араласпауы керек деп мәлімдеген еді. Бірақ бұған жергілікті батыл, белсенді әйелдер қарсы шыққан.

Худа Хамош, ақын, азаматтық белсенді:

- Біздің бостандығымыз хиджабқа байланып қалған жоқ. Біз онсыз да исламның талабына сай киінеміз. Бұған дейін шариғатқа бойұсынып келгенбіз. Біздің бостандығымыз - білімді болуда, саясатқа араласуда. Біз жұмыс істеп, дамығымыз келеді. «Талибан» үкіметі бізге 100 немесе 80 процент еркіндік бермесе де, тым құрығанда 50 процент кеңшілік жасасын.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы