Ауғанстанда ішкі әуе рейстері қайта жанданды

Елдің ең ірі әуе тасымалдаушысы бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерінің ашылғанын хабарлады.

Атап айтқанда, ұшақтар Кабулдан Герат, Мазари-Шариф пен Кандагар қалаларына қатынай бастайды.

Айта кетейік, қазір Кабул әуежайы гуманитарлық жүктерді қабылдауға дайын. Көп ұзамай ол халықаралық рейстерге де қызмет көрсетпек.