Үндістанда шаруалар шеруге шықты

Уттар-Прадеш штатындағы қалалардың бірінде өткен наразылық акциясына 500 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәрінің талабы бір, ауыл шаруашылығына қатысты қабылданған 3 заңның күшін жою. Өйткені жаңа заң дәнді дақылдардың бағасын құлдыратып, кәсіпті дағдарысқа ұшыратады. Ел үкіметі керісінше, қабылданған құжаттар нарықтағы бәселестікті арттырып, шаруалардың табысын ұлғайтатынын айтады. Бірақ оған көптің көнер түрі жоқ. Ереуілді жалғастыра беруге бекініп отыр.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы - Үндістан үшін экономиканың ең маңызды саласының бірі. Мұндағы жалпы өнім көлемі 2,7 триллион доллардың шамасында.

Сондай-ақ...