424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркияда вакцина салдырмағандарға жаңа шектеулер енгізілді

  • 99
  • UPD: 13:59, 06.09.2021
Түркияда вакцина салдырмағандарға жаңа шектеулер енгізілді

Түркияда бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған азаматтарға жаңа шектеулер күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сай 18 жасқа толған азаматтар концерт, кинозал немесе театрға кіруі үшін соңғы екі күнде тапсырған ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. Мұндай тексеру сапарға шығатын барлық жолаушыға да міндеттеледі. Мұғалімдер мен оқушыларға да жаңа талаптар қойылды. Олар аптасына 2 рет ПТР-тест тапсырып отыруы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы