Daimler жаңа электрокарын көрсетті

Германияның Daimler компаниясы тұтынушыларға өзінің алғашқы Mercedes-Benz маркалы электр көлігін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су жаңа электрокар Мюнхендегі автокөрмеде қойылды. Компанияның мәлімдеуінше, жолсыз жерде жүруге арналған көлік 2024 жылға қарай нарыққа шығарылмақ.

Айта кетейік, Daimler компаниясы бұған дейін электрмобиль жасауға ден қойып, осы бағытта миллиардтаған еуро бөлетінін мәлімдеген еді. Ал 2025 жылдан бастап Mercedes маркалы көліктерін тек электромобиль түрінде жасап шығаруға ниетті. Осы мақсатта алдағы уақытта 8 жаңа зауыт ашуды да жоспарлап отыр.

Сондай-ақ...