АҚШ екі мыңға жуық ауғанды эвакуациялай алмаған

АҚШ Ауғанстаннан осы елдің елшілігінде түрлі жұмыс атқарған 2 мыңға жуық жергілікті азамат пен олардың отбасыларын эвакуациялай алмаған.

Бұл туарлы «Вашингтон пост» газеті жазды. Басылымның хабарлауынша, америкалықтар көшіре алмағандардың ішінде Құрама Штаттардың дипломатиялық өкілдігінде көп жыл қызмет еткен жергілікті тұрғындар, батыс күштерімен түрлі әскери операцияларға қатысқан сарбаздар және АҚШ қолдауымен университетте оқыған студенттер бар. Бірақ Мемлекеттік департамент дерекке байланысты түсініктеме беруден бас тартқан.