Кубада туристер үшін жеңілдіктер жасалды

Кубада 15 қарашадан бастап туристер үшін ПТР-тестілер міндетті болмайды.

Ел билігінің талап етуі бойынша, сырттан келгендер вакцина салдырған болуы тиіс. Бұл туралы арал-мемлекеттің туризм министрлігі мәлімдеді. Бірақ құзырлы мекеме коронавирусқа қарсы қандай вакциналардың талап етілетінін ашып айтпаған. Саяхатшылар ковидке арналған тестіні өз қалауынша тапсыра алады. Ал індет анықталған жағдайда, науқас бақылауға алынады.

«Бостандық аралының» билігі қараша айының аяғына қарай тұрғындардың 90 проценттен астамына вакцина салуды жоспарлап отыр. Осы мақсат орындалған кезде, шекара біртіндеп ашылмақ.