Таиландта екпе салдырған туристер үшін 5 бағыт ашылады

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған шетелдік туристер 1 қазаннан бастап Таиланд астанасы Бангкок пен жақын маңдағы 4 провинцияға бара алады. Екпе қабылдаған демалушылар енді карантиннан босатылады.

Негізі тамыздың аяғында билік елдегі тағы 2 танымал туристік бағытты ашқан болатын. Ол кезде де тек вакцина алған азаматтар карантиннен босатылған еді. Соның арқасында экономикаға 52 миллион доллар пайда түскен екен.

Жалпы Таиландқа Файзер-Байонтек, Модерна, Джонсон энд Джонсон, Синофарм препараттарымен қатар ресейлік «Спутник Ви» екпесін салдырған туристерге келуге рұқсат етілген.  

Сондай-ақ...