Ресейде қазақ ақындарының шығармашылығына арналған көрме ашылды

Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасында үш бірдей қазақ ақыны: Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Макатаевтың шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Экспозицияда Ресей және Қазақстан кітапхана қорларының құнды басылымдары ұсынылған. Арасында Абай туындыларының алғашқы басылымының түпнұсқасы бар. Ол 1909 жылы Санкт-Петербурге  араб әліпбиімен қазақ тілінде басып шығарылған. Көрме Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасының  ,,Естелік пен бейбітшілік жолдары,, атты халықаралық жобасының аясында өтіп жатыр.  Бұл жлобаның маңызды мақсаттарының бірі - кітапхана қорлары туралы мәлімет жинап, дерекқор құру.

Баянғали Әлімжанов, жазушы:

– Сапарымыздың тағы бір жалғасы осыдан кейін біз Ржев қаласына баруды жоспарлап отырмыз. Бұл Ржев майданында қаза болған қазақтың жауынгерлері бар, соның ішінде, мінеки. Сол жерде кітапханашылармен кездесу өткізбек ойымыз бар. Содан кейін Омбы қаласына барып, онда қаншама бауырларымыз тұрады, сол жерде Омбының кітапханасы мен Қазақстан кітапханасымен байланысты нығайту.