Иран ядролық келіссөздер жүргізуге дайын – И.Раиси

Иран әлемнің жетекші елдерімен ядролық келісім бойынша келіссөз жүргізуге дайын.

Бірақ ол еш қысымсыз жүріп, АҚШ санкциясының алынуына әкелуі тиіс. Мұндай мәлімдемені Иран президенті Ибрагим Раиси жасады. Оның айтуынша, үкімет қазір батыс елдерімен Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізуді қарастырып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін Франция мен Германия Тегеранды елдегі маусым айындағы сайлаудан кейін осы мәселеге қатысты дөңгелек үстел басына оралуды шақырған еді. Ал өткен айда Батыс елдері Иранның уранды байыту үшін өндіріс қуатын арттырғанына алаңдаушылығын білдірген.

 

Ибрагим Раиси, Иран президенті:

- Бұған дейін осы мәселеге қатысты келіссөз жалғасатынын айтқам. Бірақ бұл істе ешқандай қысым көрсетілмеуі тиіс. АҚШ пен Еуропа елдері мұндай әрекет еш нәтиже бермейтінін көрді. Алдағы келіссөзде елге салынған санкциялардың алынуына күш саламыз. Бірақ біз ұлттық мүддемізді де ешқашан аяқ асты етпейміз.