Чилиде Гумбольдт пингвинін құтқару операциясы жүргізілді

Чилиде жоғалған Гумбольдт пингвинін іздеу-құтқару бойынша арнайы операция жүргізілді.

Оны туристер жағадан көргенін айтқан. Жарақат алған құс ауыр халде болған. Сондықтан пингвин әуелде мал дәрігерлік емханада қаралып, кейін Ұлттық баққа жіберілді. Мамандар теңіздің асау толқыны құсты ағызып әкеткен болуы мүмкін деп топшылайды.

Гумбольдт пингвині тұқымы азайып бара жатқан тіршілік иелерінің қатарына жатады. Қазір табиғат аясында олардың 10 мыңдай ғана түрі бар. Аталған құстар көбіне Чили мен Перудің жағалауында жүреді.