АҚШ: «Ида» дауылының салдарын мұнай төгілді деген 350-ден астам шұғыл хабар түсті

АҚШ-та «Ида» дауылының салдарын жою жұмысы жалғасуда.

Луизиана штатының көп бөлігі әлі су астында. Ал Миссисипи аймағында электр жарығы әлі де толық қосылмаған.

Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі төтенше жағдай режимі әзірге алынған жоқ.

Табиғи апат салдарынан мұнай төгілді деген 350-ден астам шұғыл хабар түскен.

Қазір АҚШ-тың Жағалау күзетінің мамандары «қара алтыннан» келген экологиялық шығын көлемін есептеп жатыр.

Айта кетейік, «Ида» дауылынан Нью-Джерси штатында 27, Нью-Йорк қаласында 13, ал Луизиана штатында 12 адам ажал құшқан.