425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресей ғалымдары 30 минутта коронавирустың бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты

  • 133
Ресей ғалымдары 30 минутта коронавирустың бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Ресейлік ғалымдар 30 минуттан аз уақыт ішінде COVID-19 вирусының ағзада бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды Хабар 24, ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegra m каналына сілтеме жасап.

Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін «оқуды» ұсынады.

COVID-19 вирусының экспресс-диагностикасын зерттеу «ЛЭТИ» Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің микротехнология және диагностика инженерлік орталығында да жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе бұл Ресейдегі алғашқы тест жүйесі болады, ол патогенді небары 10 минут ішінде анықтай алаы.

Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешім үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакцинациялау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясымен қабылданды. Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы