«Талибан» жаңа үкімет жасақтады

Тәліптер әр салаға жауап беретін басшылардың құрамын жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министрдің міндетін Мохаммад Хасан Ахунд атқарады. Ал Қорғаныс министрі болып «Талибан» қозғалысының негізін қалаушының ұлы тағайындалды. Бұдан бөлек, Сыртқы істер, мәдениет және ақпарат, білім беру, экономика министрлері белгілі болды. Сондай-ақ елдегі орталық банкке жаңа басшы тағайындалды.

Еске салайық, Ауған билігін басып алған тәліптер жаңа үкіметті жасақтауды екі апта бұрын бастаған.  

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.