Ауғанстанда уақытша үкімет құрамына әйелдер кіргізілмеді

Ауғанстанда тәліптер уақытша үкімет жасақтап, оның құрамын жариялады.

Премьер-министр міндетін осы уақытқа дейін «Талибан» қозғалысы басшылығы кеңесін басқарған Мохаммад Хасан Ахунд атқарады. Оның 2 орынбасарының бірі болып тәліптердің саяси кеңсесінің жетекшісі болған Абдул Гани Барадар бекітілді. Ал ішікі істер минстрлігін кезінде АҚШ Федералдық тергеу бюросы іздеуге жариялаған қозғалыстың бір қарулы тобын басқаратын Сираджуддин Хаккани басқаратын болды.

Айта кетейік, тәліптер бұған дейін жаңа үкімет Ауғанстан халқының барлық тобын қамтитындай етіліп құрылатынын хабарлаған еді. Бірақ уақытша үкіметке бір де бір әйел кірмеген.

Забиулла Муджахид, «Талибан» қозғалысының өкілі:

- Біздің ел басқыншылықтан азат етіліп, еркіндігін алды. Халық қауіпсіздікке қол жеткізіп, алғаш рет мықты үкімет жасақталып отыр. Адамдар заңдық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалу үшін кешенді іс-шаралар қолға алынатын болады.  

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Сондай-ақ...