425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Көру қабілеті нашар адамның бадминтон ойнауын жеңілдететін тәсіл табылды

  • 258
  • UPD: 11:18, 08.09.2021
Көру қабілеті нашар адамның бадминтон ойнауын жеңілдететін тәсіл табылды

Жапондық студенттер көру қабілеті нашар адамдарға арналған бадминтон жобасын жасап шықты.

Бір қызығы, бұл ойында ракеткада тор болмайды. Оның жиегіне арнайы сенсор бекітіледі. Ал волан орнына квадрокоптер қолданылады. Сонда ойыншылар шарды ұрудың орнына ұшу аппаратын ракеткадан өткізу керек. Мұның бәрі сенсордың көмегімен тіркеліп, дрон кері бағытта қозғалады. Жоба авторлары құрылғыны болашақта жарыстарда қолдануға болатынын айтады. Негізі олар көру мүмкіндігі нашар адамдар арасында сауалнама жүргізген. Қатысушылар бадминтон ойнағанда воланды таппай қиналатындарын айтқан екен.

Хабар 24 телеарнасы