423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ДДСҰ дамыған елдердің вакцина саясатын сынға алды

  • 124
  • UPD: 12:19, 08.09.2021
ДДСҰ дамыған елдердің вакцина саясатын сынға алды

«Дамыған елдер коронавирусқа қарсы вакцина мен өзге де емдеу құралдарынан қор жасақтауы әлемде пандемияны одан әрі ұзартады».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді.

Ұйым өкілдерінің пайымынша, бұл адамгершілікке жат себебі қазір кедей елдерде індетке қарсы тұру үшін екпе жетіспей жатыр.

Айта кетейік, әлемде кедей елдерді коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз ету осы ұйымның қолдауымен КОВАКС бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Оның шеңберінде қазірге дейін әлемнің 139 еліне 230 миллионнан аса доза вакцина жеткізілген.

Майк Райан, ДДСҰ төтенше жағдай жөніндегі атқарушы директоры:

- Дамыған елдер бұл мәселені түсінбейді. Олар қазір әлемде вакцина бөлу әділетті жүріп жатыр деп ойлайды. Бірақ шындығын айтқанда бұл елдер вакцинаны өздеріне көптеп жинап, өзгелермен бөлісіп жатқан жоқ. Салдарынан пандемия ұзаққа созылады.

Хабар 24 телеарнасы